Жаңалықтар

09.03.2017
Ақтөбе облысының мекемелері және тұрғындарының ЭСПО-2017 ресми әріптестерімен кездесуі

А. ж. 27 ақпан - 2 наурыз аралығында облыс тұрғындарының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге баруға қызғушылығының жоғарылығына байланысты Ақтөбе облысына екінші мәрте іс - сапармен «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми әріптесі «SkyWay» туроператорлығының өкілдері келді.
02.03.2017
Ақтөбе облысы әкімі Б. Сапарбаевтың Қазақстан Республикасындағы Македония Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуі

Македония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Илия Псалтировтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысы әкімі Б. Сапарбаевпен және Ақтөбе қаласы әкімі І. Испановпен кездесуі өтті.
01.03.2017
Ақтөбе облысы Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты жандандыру жайын талқылады

Облыс әкімі Б. Сапарбаев Қазақстандық-Корейлық ынтымақтастықты дамыту орталығының бас директоры Ву Джонг Химен кездесті.
27.02.2017
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ-ИЗРАИЛЬДІК БИЗНЕС-ФОРУМАқтөбе қаласы

2017 жылғы 15 наурызда Ақтөбе қаласында екі елдің ресми тұлғаларының және іскер топтарының қатысуымен қазақстандық-израильдік бизнес-форум өткізіледі.
21.02.2017
ЭКСПО-2017 кәдесый өнімдерінің тұсаукесері өтті

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді. Коммерциялизациялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев ЭКСПО-2017 кәдесый өнімдерін көрсетті.
21.02.2017
ЭКСПО-2017 ресми әріптестері

А. ж. 6 - 13 ақпан аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында Ақтөбе облысына іс-сапармен «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми әріптесі «SkyWay» туроператорлығының өкілдері келді
07.02.2017
Чехия ЭКСПО -2017 көрмесінде озат технологияларын ұсынады

Чехия Республикасы Парламенті депутаттарының делегациясы ЭКСПО-2017 нысандары мен ұйымдастыру кеңсесін көріп шықты.
06.02.2017
Ақтөбе облысының делегациясы жұмыс сапарымен Ульянов облысында

Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Е. Кенжеханұлы бастаған ақтөбелік делегация Ульянов облысына (Ресей Федерациясы) іс-сапармен барды. Делегация құрамында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жұман Зине, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Абтиев, «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ- ның Басқарма төрағасының кеңесшісі Марат Балмуханов және облыстың кәсіпкерлері бар.
02.02.2017
Татарстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінде Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлының Татарстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің орынбасары Денис Валеевпен кездесуі өтті

Сапар барысында Татарстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінде Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлының Татарстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің орынбасары Денис Валеевпен кездесуі өтті. Кездесу кезінде машина жасау, ауыл шаруашылығы және химия өнеркәсібі салаларында бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Ақтөбе облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жасау мәселесін талқылады.
25.11.2016
Облыс әкімі Орынбор қаласында өткен жатқан «Орынбор — Еуразия жүрегі» атты VI Халықаралық форумына қатысты.

Облыс әкімі Орынбор қаласында өткен жатқан «Орынбор — Еуразия жүрегі» атты VI Халықаралық форумына қатысты. Шара 24 қараша күні Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өтті. Оған Қазақстан, Қырғыстан, Армения, Тәжікістан, Өзбекістан, Беларусь т.б. елдерінен делегациялар қатысты. Ақтөбе облысы делегациясын өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бастап барды. Облыс делегация құрамында аудан әкімдері, басқарма басшылары мен бизнес ұйымдарының өкілдері бар.Аймақ басшысы ЕЭО елдерінің экспозициясы қойылған халықаралық көрмені аралады. Айта кетейік, жыл сайын көрмеге қатысушылардың, оның ішінде, Ақтөбе бизнес өкілдерінің қатары көбеюде. Биылғы жылы «АЗПО» ЖШС, «Технодом», «Milky Land», «Актеп», ӘКК «Айбек» және де басқа ірі компаниялар өз өнімдерін ұсынуда.«Еуразиялық кеңістіктегі Орынбор облысының халықаралық ынтымақтастық әлеуеті» пленарлық отырысының салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Орынбор облысының Губернаторы Юрий Берг серіктестері Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына шынайы ризашылығын білдірді.
15.11.2016
Қазпочта ЭКСПО-2017 Халықарлық мамандандырылған көрмеге билеттерді жүзеге асырады

«НК «Астана ЭКСПО-2017» және «Қазпочта» АҚ арасындағы серіктестік барысында ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Ұлттық почта операторы бөлімдерінде Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сатылымы басталды. Бүгінгі күннен бастап ЭКСПО-2017 билеттер сатылымы 30 почта бөлімінде сатылады. Ақтөбе облысында 3 почта бөлімінен сатып алуыңызға болады: № 6, Айтеке би к., 54, № 10, Әбілхайыр хан даңғылы, 40, № 19, Әбілхайыр хан даңғылы, 55А. Ал 1 желтоқсаннан бастап барлық автоматтандырылған Казпочта бөлімдерінде алуға болады.
15.11.2016
Ақтөбеде туризм бойынша Call-орталығы ашылды

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!
Сіздерге «Ақтөбе» облысының туризмі бойынша пилоттық жобамыз - Call –орталықты таныстыруға қуаныштымыз!
Бір қоңырау соғу арқылы Сіз облыстың келесідей туристік мүмкіндіктерін біле аласыз: турлар және экскурсиялар, тұру мен тамақтану, көрнекті жерлерді, бос уақыт және көңіл көтеру, мәдени – іс шаралар жайында ақпарат ала аласыздар.
26.10.2016
А.ж. 26 қазанда Ақтөбе облысының турбизнес өкілдері ресейлік «Ресей мен Қазақстанның туристік әлеуеті (ЭКСПО – 2017 жолында)» Халықаралық туристік форумына қатысты

А.ж. 26 қазанда Ақтөбе облысының турбизнес өкілдері ресейлік «Ресей мен Қазақстанның туристік әлеуеті (ЭКСПО – 2017 жолында)» Халықаралық туристік форумына қатысты.
Форум өткізілу барысында Ресей мен Қазақстанның туристік саласын дамытудың мәселелері мен болашағы талқыланды, сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның туристік потенциалдарын қолдану мүмкіндіктері және де келесі сұрақтар қарастырылды:
29.09.2016
А.ж 29 қыркүйек – 1 қазан аралығында Ақтөбе облысы «Astana Leisure- 2016» 13-ші халықаралық туристік көрмесіне қатысты.

Осы жылы көрмеде туристік кластердің 100 өкілі қатысты: туристік фирмалар, санаторилер, курорттар, Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Мальдивы, Ресей, Словения, Тайланд, Түркия, Украина және т.б елдердің авиакомпаниялары қатысты. Көрме Қазақстанның ішкі туризмін дамытуға бағытталған. Қазақстанның 5000 – ға жуық келуші резиденттері мен резидент еместер Қазақстанда көрсетілетін туристік қызметтермен танысуға, соның ішінде Ақтөбе облысының потенциалымен танысуға мүмкіндік алды.
Көрме жұсының барысында Ақтөбе облысының қатысушыларымен облыстың туристік мүмкіндіктерін таныстырылды және жарнамалық өнімдер таратылды (каталогтар, туристік жол нұсқаулары, буклеттер, фотоэнциклопедиялар т.б). Ақтөбе облысының стендіне келушілеріге аймақтың туристік әлеуетін бейне ролик арқылы көрсетті.
29.09.2016
А. ж 29 –шы қыркүйегінде Ақтөбеде «Еуропа –Азия. Шексіз серіктестік» атты ХV қазақстан – ресейлік халықарылық өндірістік көрмесі басталды

Көрме РФ және ҚР облыстары арасында гуманитарлық, экономикалық, ғылыми – техникалық серіктестікті дамыту мақсатында Ақтөбе және Оренбург облыстарының кәсіпкерлерінің арасында байланысты дамыту, ортақ бизнес-жобаларды, сауда – экономикалық және инвистициялық қарым-қатынасты дамыту, сонымен қатар Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық серіктестік шарттары барысында шешілмеген мәселелерді мониторингтеу мақсатында өткізілді.

Беттер