Жаңалықтар

25.11.2016
Облыс әкімі Орынбор қаласында өткен жатқан «Орынбор — Еуразия жүрегі» атты VI Халықаралық форумына қатысты.

Облыс әкімі Орынбор қаласында өткен жатқан «Орынбор — Еуразия жүрегі» атты VI Халықаралық форумына қатысты. Шара 24 қараша күні Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өтті. Оған Қазақстан, Қырғыстан, Армения, Тәжікістан, Өзбекістан, Беларусь т.б. елдерінен делегациялар қатысты. Ақтөбе облысы делегациясын өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бастап барды. Облыс делегация құрамында аудан әкімдері, басқарма басшылары мен бизнес ұйымдарының өкілдері бар.Аймақ басшысы ЕЭО елдерінің экспозициясы қойылған халықаралық көрмені аралады. Айта кетейік, жыл сайын көрмеге қатысушылардың, оның ішінде, Ақтөбе бизнес өкілдерінің қатары көбеюде. Биылғы жылы «АЗПО» ЖШС, «Технодом», «Milky Land», «Актеп», ӘКК «Айбек» және де басқа ірі компаниялар өз өнімдерін ұсынуда.«Еуразиялық кеңістіктегі Орынбор облысының халықаралық ынтымақтастық әлеуеті» пленарлық отырысының салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Орынбор облысының Губернаторы Юрий Берг серіктестері Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына шынайы ризашылығын білдірді.
15.11.2016
Қазпочта ЭКСПО-2017 Халықарлық мамандандырылған көрмеге билеттерді жүзеге асырады

«НК «Астана ЭКСПО-2017» және «Қазпочта» АҚ арасындағы серіктестік барысында ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Ұлттық почта операторы бөлімдерінде Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сатылымы басталды. Бүгінгі күннен бастап ЭКСПО-2017 билеттер сатылымы 30 почта бөлімінде сатылады. Ақтөбе облысында 3 почта бөлімінен сатып алуыңызға болады: № 6, Айтеке би к., 54, № 10, Әбілхайыр хан даңғылы, 40, № 19, Әбілхайыр хан даңғылы, 55А. Ал 1 желтоқсаннан бастап барлық автоматтандырылған Казпочта бөлімдерінде алуға болады.
15.11.2016
Ақтөбеде туризм бойынша Call-орталығы ашылды

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!
Сіздерге «Ақтөбе» облысының туризмі бойынша пилоттық жобамыз - Call –орталықты таныстыруға қуаныштымыз!
Бір қоңырау соғу арқылы Сіз облыстың келесідей туристік мүмкіндіктерін біле аласыз: турлар және экскурсиялар, тұру мен тамақтану, көрнекті жерлерді, бос уақыт және көңіл көтеру, мәдени – іс шаралар жайында ақпарат ала аласыздар.
26.10.2016
А.ж. 26 қазанда Ақтөбе облысының турбизнес өкілдері ресейлік «Ресей мен Қазақстанның туристік әлеуеті (ЭКСПО – 2017 жолында)» Халықаралық туристік форумына қатысты

А.ж. 26 қазанда Ақтөбе облысының турбизнес өкілдері ресейлік «Ресей мен Қазақстанның туристік әлеуеті (ЭКСПО – 2017 жолында)» Халықаралық туристік форумына қатысты.
Форум өткізілу барысында Ресей мен Қазақстанның туристік саласын дамытудың мәселелері мен болашағы талқыланды, сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның туристік потенциалдарын қолдану мүмкіндіктері және де келесі сұрақтар қарастырылды:
29.09.2016
А.ж 29 қыркүйек – 1 қазан аралығында Ақтөбе облысы «Astana Leisure- 2016» 13-ші халықаралық туристік көрмесіне қатысты.

Осы жылы көрмеде туристік кластердің 100 өкілі қатысты: туристік фирмалар, санаторилер, курорттар, Венгрия, Вьетнам, Германия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Мальдивы, Ресей, Словения, Тайланд, Түркия, Украина және т.б елдердің авиакомпаниялары қатысты. Көрме Қазақстанның ішкі туризмін дамытуға бағытталған. Қазақстанның 5000 – ға жуық келуші резиденттері мен резидент еместер Қазақстанда көрсетілетін туристік қызметтермен танысуға, соның ішінде Ақтөбе облысының потенциалымен танысуға мүмкіндік алды.
Көрме жұсының барысында Ақтөбе облысының қатысушыларымен облыстың туристік мүмкіндіктерін таныстырылды және жарнамалық өнімдер таратылды (каталогтар, туристік жол нұсқаулары, буклеттер, фотоэнциклопедиялар т.б). Ақтөбе облысының стендіне келушілеріге аймақтың туристік әлеуетін бейне ролик арқылы көрсетті.
29.09.2016
А. ж 29 –шы қыркүйегінде Ақтөбеде «Еуропа –Азия. Шексіз серіктестік» атты ХV қазақстан – ресейлік халықарылық өндірістік көрмесі басталды

Көрме РФ және ҚР облыстары арасында гуманитарлық, экономикалық, ғылыми – техникалық серіктестікті дамыту мақсатында Ақтөбе және Оренбург облыстарының кәсіпкерлерінің арасында байланысты дамыту, ортақ бизнес-жобаларды, сауда – экономикалық және инвистициялық қарым-қатынасты дамыту, сонымен қатар Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық серіктестік шарттары барысында шешілмеген мәселелерді мониторингтеу мақсатында өткізілді.
29.09.2016
А. ж. 27-29 қыркүйегінде қонақ үй бизнесі қызметкерлері мен экскурсовод – гидтерге арналған семинар – тренинг өткізілді

Семинар-тренинг мақсаты халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрме қонақтарын күту үшін қонақ үй-мейрамхана бизнесі қызметкерлері мен экскурсавод-гидтердің біліктілігін жоғарылыту. Семинар-тренинг барысында келесідей тақырыптар қарастырылды: «ҚР қонақжайлылық және туризм саласының кәсіби стандарттары» негізінде экскурсаводтарға арналған талаптар» және «ҚР қонақ үй-мейрамхана бизнесін дамыту мәселелері мен болашағы.
13.09.2016
2016 жылдың 13 қыркүйегінде облыс әкімдігінің ғимаратында Сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Е. Кенжеханұлының төрағалық етуімен көші – қон полициясы және қонақ үй бизнесі өкілдерінің қатысуымен «Қонақ үй қызметін ұсынушы мекемелердің к

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының көші – қон заңнамасы сұрақтары және шетелдік азаматтарды тіркеу тәртібі талқыланды. Бұл кездесу облыс аумағына кіретін адамның қонақ үйге орналасуы үшін қажетті тіркеу құжатының болуы оның орналасқан жерін бақылау мақсатында өткізілді.
10.09.2016
Экспо – 2017 көрмесіне билеттер MARWIN / «Меломан» дүкендерінде сатылымда

MARWIN/ «Меломан» дүкендері Қазақстанда ең алғашқы болып 2017 жылы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сата бастады. ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың ең басты жаңалығы болмақ және әлемдік қоғамның көңілін экологиялық энергияны қолдану және энергетика саласында «жасыл» технологияны қолдануға аудару.
07.09.2016
А. ж. 7 қыркүйегінде шетел туроператорлары мен БАҚ өкілдеріне арналған информациялық тур өткізілді

Туристік информациялық турдың мақсаты ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарын Ақтөбе облысына тарту. Инфотурдың қатысушылары келесі елдердің үздік туроператорлары болды: Қытай (Шанхай, Пекин), Ресей (Екатеринбург, Омск) және жетекші блогерлер болды. Өкілдер облыстың ЭКСПО-2017 көрмесіне келген қонақтарды қарсы алу және қызмет көрсету мүмкіндіктерімен танысты. Келушілер облыстың Қобыланды батыр, Абат Байтақ мемориалдық кешендерін, Алия Молдағұлова патриоттық орталығын, Есет батыр Көкиұлы кесенесін, «Шипагер» санаториі және т.б көрнекті жерлерді аралады. Сонымен қатар Ақтөбе қ. қонақ үй және мейрамханалардың қызмет көрсету сапасымен танысты.
20.08.2016
А.ж 20-шы тамызында Қалалық жас туристер станциясы мен Ақтөбе облысының «Сыртқы байланыстар және туризм басқармасының» қолдауымен туристік маршрут әзірленді, ересектер мен жастар үшін Қарғалы ауданына демалыс күні турын ұйымдастырылды

Іс шараның мақсаты өңірде балалар мен жасөспірімдер, спорттық және отбасылық туризмді дамыту, қатысушаларды табиғат аясында белсенді демалысқа тарту, салауатты өмір салтын дәріптеу, білім құмарлығын, зеректігін дамыту, қоршаған ортамен таныстыру арқылы ой өрісін кеңейту, сонымен қатар ересектер мен балаларда экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.
19.08.2016
А.ж 17 – 19 тамызында «Менің Отаным – Қазақстан» атты Республикалық туристік экспедицияның екінші (облыстық) кезеңі өткізілді.

ҚР балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында және Үкіметтің №61 27. 01. 2009 жыл «Менің Отаным – Қазақстан» Республикалық туристік экспедиция ұйымдастыру туралы қаулысын жүзеге асыру барысында Ақтөбе облысының сыртқы істер және туризм басқармасымен 17 – 19 тамыз аралығында «Менің Отаным – Қазақстан» Республикалық туристік экспедицияның 2 – ші (облысытқ) кезеңін өткізді.
14.07.2016
А. ж 14 шілде Ақтөбе қаласында Оңтүстік Қазақстан туристік саласының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының туристік мүмкіншіліктерін ұсынды

Оңтүстік Қазақстан облысының туризм саласының әр өкілдері, нақтырақ бес жұлдызды «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйі, «Canvas», «Мегаполис», «Достык», «Шымкент» қонақ үйлерінің, «Алма тау» демалыс базасының , облыстық жас туристер станциясының, Оңтүстік Қазақстан облысының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ОО «ОҚО – ң туризм және индустрия дамытудың орталық Ассоциациясы» және «Арай Делюкс» санаториі, Ақтобе облысының қонақ үй және туристік компания өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының қызметкерлері мен АО «ТНК Казхром» жұмысшылары үшін Оңтүстік Қазақстан облысының туристік мүмкіншілігін таныстыру өткізді.
Таныстыру нәтижесінде серіктестікті жалғастыру үшін келісімге қол қойылды.
28.06.2016
А. Ж 28 маусымында Сыртқы байланыстар және туризм басқармасының жетекшісі Е. Кенжеханұлының төрағалық етуімен «кіру туризмі және шығу туризмі» сұрақтарына байланысты жұмыс отырысы өткізілді

2014 – 2015 жылдары шет елдер аумағында туристік нарық өкілдерінің жауапсыздығы кесірінен және туристік компаниялардың өз міндеттерін орындамай қажетті туристік қызмет ұсына алмауына байланысты туристік қызметті пайдаланушы – ҚР азаматтарының көп бөлігі қиын жағдайда қалды. Шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтарымен төтенше жағдай шығу қауіпін азайту, қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз етуге байланысты отырыс өткізілді.

Беттер