Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мәселелер

«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз»
Н.Ә.Назарбаев
Кез келген мемлекет үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың құралы, сонымен қатар мемлекеттің жетістіктерін жоққа шыға­рып, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеп соқтыратын бірден бір фактор болып табылады. Сыбайлас жемқорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қатер төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық жəне əлеуметтік реформаларды жоққа шығаратыны анық. Сыбайлас жемқорлық жас мемлекетіміздің бəсекеге қабілеттілігін төмендетіп, еліміздің халықаралық беделіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, халықтың заң мен əділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. Сол себепті сыбайлас жемқорлықпен күресте дамыған елдердің тəжірибесін анықтап, талдау біз үшін өте маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде төрт санатқа бөлуге болады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер;
2) сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер;
3) сыбайлас жемқорлыққа байланасты едеуір мəселелері бар елдер;
4) сыбайлас жемқорлық айырықша байқалатын елдер.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Жаңа Зеландия мен Дания, сонымен қатар Финляндия, Швеция, Норвегия, Сингапур, Швейцария және т.б. дамыған мемлекеттер жатады. Осы елдердің қатарына ену үшін, олардың табысты тәжірибелерін халықтың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын түбегейлі өзгерту арқылы біздің елімізде қолдану қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен жүргізілетін күресті жеке қарау дұрыс шешім емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан орын алатындықтан, жемқорлықты болдырмау және алдын алуға бағытталған шараларға тиісті органдар, мемлекеттік мекемелер сонымен қатар мемлекеттің барлық азаматтары ат салысуы қажет.
Сыбайлас жемқорлық тамырын тереңге жайған қауіпті кесел. Жемқорлықты емдемес бұрын аурудың пайда болу себебін анықтау қажет. Азаматтардың арызы - сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың басты негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің конституциялық құқығын қорғауы тиіс. Кішкентай құқықбұзушылықтарға төзімсіздік атмосферасы қоғамдық тәртіпті бекітетін, жемқорлықпен күресідегі маңызды қадам болып табылады.
«Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары қолға алынып, жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік қызмет саласын­дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылы 18 қарашада қабылданып, сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл сала­сындағы қоғамдық қатынас­тарды реттейді және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған.
Атап өтетін маңызды жәй, ол қызметкерлердің эти­калық нормаларды сақтау талаптары, өз қызметінде жеке мүдделер қақ­ты­ғысына жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік қасиеттерін арттыру мақсатында Әдеп кодексі әр­түрлі жағ­дай­лардағы мі­нез - құ­лық ба­рысын, яғни жұ­мыс ке­зін­де әріптестерімен, қара­ма­ғында­ғылармен, басшылықпен қа­рым-қатынасты орнату, жұмыс­тан бос уа­­қыттардағы мінез-құлқын анық­тайды.
Жаңа кодекс мемлекеттік қыз­мет­шінің күнделікті өмірін жан-жақты қамтыған тәжірибелік анық­тамалығы ретінде және мери­ток­ратияны қорғау мен сыбайлас жем­қорлықтың алдын алу тетігі болды. Басқармада лауазымды тұлғалардың қызмет этикасы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін 56-53-37 сенім телефоны үздіксіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы және сапалы қаралуы басқарма басшысының қатаң бақылауында.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп танып, Басқарма тарапынан жүргізілген шаралардың барлығы да сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жасалынады.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп адалдықты ту еткен ізгілердің ізімен жүрсек қана – келешегіміз кемел болары анық.
«Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы» ММ
Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы
2017 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара жоспарын орындау барысы туралы ақпарат
Іс-шара атауы
Орындау туралы ақпарат
1
Орындаушылық тәртіпті нығайту тұрғысында құжаттардың орындалу мерзімдерінің бұзылуына жол берген қызметкерлерге әкімшілік жаза шараларын қолдану
Құжаттардың орындалу мерзімдерінің бұзылуына жол берген қызметкерлерге әкімшілік жаза шаралары тұрақты түрде қолданылуда
2
Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР заңнамасының нормаларын орындалуын сақтау
Басқарма қызметінде ҚР заңнамасының нормаларының орындалуы тұрақты түрде сақталады.
3
«Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған жәшігінің оңтайлы жұмыс істеуін қадағалау
Басқармада 56-53-37 сенім телефоны орнатылған және үздіксіз жұмыс жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған жәшігі орнатылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ақпараттық стенді орнатылды.
4
Табыс туралы декларациясы салық органына ұсыну
Табыс туралы декларациясын салық органына ұсыну бойынша уақытылы тапсыру жұмыстары жүргізілді.
5
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүргізілетін құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша сұрақтардың» басқарманың интернет ресурстарында тұрақты түрде жаңартылуын қамтамасыз ету
Сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқықтық ақпараттарға тұрғындардың жан-жақты қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың интернет ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» және «Мемлекеттік қызмет көрсету» туралы ақпараттық мәліметтер орналастырылды.
6
Аумақтық орталықта Басқарманың мемлекеттік қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту
Оқыту жоспарына сәйкес оқытылды
7
Басқармаға түскен хаттарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне ҚР заң нормаларына сай уақытылы жауап дайындау және жүргізу
Басқармаға келіп түскен хаттарға, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарына ҚР заң нормаларына сай уақытылы жауап ұсынулыда.
«Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы» ММ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат
Іс-шараның атауы
Орындалуы
1.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарын және Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты тұлғаларды анықтау
«Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы» ММ басқарма басшысының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 28-нқ бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарды орындауға жауапты тұлғалар белгіленді.
2.
Өз қатарларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі түрде талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша шаралар алу
Басқармада 2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген болатын. Мониторинг нәтижелері бойынша басқарма басшысының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 45-нқ бұйрығына сәйкес басқарма қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қортындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
3.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және олардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндерін өткізу
«Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы» ММ басшысының төрағалық етуімен 2016 жылдың 30 маусымда 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөнгелек үстел отырысы өткізілді. Отырыс барысында төраға ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», ҚР Мемлекеттік қызмет істері министірінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №222 «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары бекіту туралы» Қаулысы негізінде талаптарын түсіндіре отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні Республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылатындығын ескертті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге тәрбиелеуді қамтитын талаптардың сақталуын, қоғамның және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру және конституциалық құқықтарын қорғау маңызды екендігін ашып айтты.
2016 жылдың 22 сәуірінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер талаптары бұзылуының алдын алу шаралары жүргізіліп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын уақытылы орындалуы тапсырды. 2016 жылдың 19 мамырында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту бойынша дөнгелек үстел отырысы өткізілді. 2016 жылдың 9 қырқүйегінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту және іске асыру шаралары бойынша отырысы өтті. 2016 жылдың 6 қазанында «IQ немесе EQ?» және «Н.А. Назарбаев рассказал притчу о махарадже и его слуге» атты этика нормаларына байланысты мақаланы басқарма қызметшілері арасында талқыланды. ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағына 2016 жылдың 7 қазанында басқарманың жемқорлыққа қарсы стандартты әзірленді.
Ағымдағы жылдың 18 қазанында басқарма қызметшілері арасында 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл отырысы өтіп, басқарманың 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары мен басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бойынща қоғамдық қатынастар жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары талқыланды. 2016 жылдың 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай басқарма қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіруге бағытталған бейнеролигі қаралды.
4.
«Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған жәшігінің оңтайлы жұмыс істеуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары
Басқармада 56-53-37 сенім телефоны орнатылған және үздіксіз жұмыс жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған жәшігі орнатылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ақпараттық стенді орнатылды. Сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқықтық ақпараттарға тұрғындардың жан-жақты қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың интернет ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» және «Мемлекеттік қызмет көрсету» туралы ақпараттық мәліметтер орналастырылды
5.
Табыс туралы декларациясы салық органына ұсыну
Табыс туралы декларациясын салық органына ұсыну бойынша уақытылы тапсыру жұмыстары жүргізілді.
6.
Басқармаға келіп түскен хаттарға, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарына ҚР заң нормаларына сай уақытылы жауап дайындау және жүргізу
Басқармаға келіп түскен хаттарға, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарына ҚР заң нормаларына сай уақытылы жауап ұсынулыда.