Сыбайлас жемқорлыққа қарсы cтандарты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар ұсынымы - азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесу болып табылады.
1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: мемлекеттік қызмет өткеру саласы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы:
«Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы» ММ
3. Қоғамдық қатынастар жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары:
3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қорғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кездегі халықпен тікелей байланысында сыбайлас жемқорлық мүмкіндігін болдырмау үшін оларды оңтайландыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды қоғамды ұйымдар арқылы жүзеге асыру.
3.2 өз құзыреті щеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
- мемлекеттік басқаруда ашықтықтығы, басқару шешімдерді әзірлеу және қабылдауды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерін іске асыруда жариялық қағидасын ұстануы маңызды;
- құқықтық жағынан түсінуде төмен немесе қыр-сырын білмейтін азаматтарға шешімдер мен ҚР нормативті құқықтық актілерін дұрыс түсіндіру мен бағыт беру.
3.3 нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
- нормативтік құқықтық актілер жобаларын даярлау кезінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасауға көбіне жағдайлар жасайтын салалық заңдарды жетілдіру қажетсінеді.
3.4 тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде:
- мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесін әрқашанда жоғары танытып, қоғам алдындағы сенім нығайту.
4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:
Жекелеген мемлекеттiк мiндеттердi жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қосымша шектеулер мен тыйым салу мүмкiндігін қарастыру қажет.
Сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары мемлекеттік қызметтерінде, күнделікті жұмысында жазбаша немесе ауызша түсіндірме жұмыстарын жасау арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Сонымен қатар, іс-жүзінде болған сыбайлас жемқорлық фактілерін көрсету арқылы сыбайлас жемқорлықтың қаупін сезіндіре әсер ету және сыбайлас жемқорлықтын алдын алу шараларын қолдану.