Басқарма басшысы

Басқарма басшысы - Кенжеханұлы Ермек
Өмірбаян
1988 жылы Қазақстан Республикасында дүниеге келген. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасы бойынша 2010 жылы Рединг (Ұлыбритания) Университетін «Ауылшаруашылығы саласындағы экономист» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы инвестицияларды басқару магистрі атанды. 2013 жылы «KOICA» бағдарламасы бойынша Аджу (Корея Республикасы) Университетін бизнес әкімшісі мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ кредиттік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері, «АРКА» ИБК» басқарма бастығы, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты басшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясаты және қаржы құралдары департаментінің, инвестициялар басқармасының басшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысы болып жұмыс жасады.
Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаевтың өкімімен "Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы" ММ басшысы қызметіне тағайындалды.