Ақтөбе облысының аймақтық брендін әзірлеу

Өңірдің брендін және ұранын дайындау,имидждік тартымдылығын және өңірдің ішкі және халықаралық аренада танымалдылығын көтеру, ақтөбеліктердің патриоттық сезімін нығайту, өңірдің информациялық алға жылжуына ықпал ету.
Бренд әзірлеу 4 кезеңде жүзеге асырылады.
1 кезең – әзірленген брендке концепция дайындау:
(ағымдағы жағдайдың анализі, қабылдаудың эмоциялық картасын дайындау, әр түрлі сала бойынша облыс тұрғандарынан жауап алу, құру және брендтің семантикасын базалық анықтау.
2 кезең – логотип әзірлеу (10 нұсқадан кем емес) және ұран әзірлеу (10 нұсқадан кем емес.
III кезең – тұрғындардың бағасы:
- облыстың соңғы аидентикасын құрастыру – тұрғындарды бақылау бағалау сауалнамасы (келісілу) логотип және ұранды таңдауды онлайн және тікелей байланыс жолымен таңдау үшін.
IV кезең –нәтижелерді презентациялау:
- эксперттік кеңестің (облыс әкімдігі жанында) мақұлдауынан кейін, бекітілген брендті бұқаралық ақпарат өкілдеріне (БАҚ) пресс-конференция және инфографиялық ролик ұйымдастыру арқылы презентациялау.
- Бүгінгі күнге 1 және 2 әзірлену кезеңі облыстың логотип нұсқалары әзірленді.
- Облыс әкімінің өкімімен Ақтөбе облысының өңірлік брендін анықтау бойынша Сараптама кеңесінің құрамы бекітілді.Оның ішіне ақпараттық-коммуникациялық, маркетинг, PR және басқа да ұқсас саланың сарапшылары, сонымен қатар кәсіби обьективті жіне тәуелсіз бағалау жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қоғам өкілдері кірді.
Ақпарат үшін:
Логотип келесі талаптарға жауап беруі керек:
-ерекшелік ( түпнұсқалық және женілдік, әлемдік бренттерден айырмашылығы);
- айырушылық (тез әрі есте қаларлық идентификация, анық желілер, нақты форма және сәйкес түс);
- қарапайымдылық (бөліктерінің минималды саны)
- өңірлік ерекшелікті бейнелеу ( мәдениет, салт-дәстүр, индустрия, туризм, құндылықтар);
- бағдарлану, ішкі және халықаралық аудиторияға бағдарлану.
- тартымдылық (көңілді сезімдер)
-жарамдылық (брошюраларды, карталарды, футболкілерді және т.б. дайындаған кезде логотипті пайдалануға болады)
- барлық мәдени/діни мақсаттарға жарамдылығы (ойластырылмаған негативті ойларды болдырмау);
- ерекшелік ( формаларды , түстерді, шриф және символдарды таңдау кезінде басқа елдер мен аймақтардың логотиптерінен ерекшеленіп тұруы қажет)
Ұран келесі талаптарға жауап беруі керек:
- басқа елдерден ерекшелену
- назарды аударту
- айтуға жеңіл
- есте қаларлық