«Қазақстан – дәстүрлі және инновацилық заттарды, яғни құндылықтарды біріктіре алатын мемлекет» Альбер II-нің Камергері

Бүгін Көрме ұйымдастырушының кеңсесінде «Астана-ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Монако Князі Альбер ІІ-нің Камергері Лорен Солермен кездесті.
Кездесу барысында Монако павильоны және 2017 жылдың 25 маусымында өтетін Монако Ұлттық күніне Альбер ІІ-нің сапары дайындығына қатысты мәселер талқыланды.
«Менің ойымша, Монако павильоны ең көрікті павильондардың бірі болмақ. Соңғы аптаның ішінде мен ол жерге екі рет бардым. Монако - шағын болғанымен, өте танымал ел. Туристер Монако Князьдығының павильонына қуана баратындарына сенімдімін», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Монако Князі Альбер ІІ-нің Камергері Лорен Солер өз кезегінде Көрме дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.
«Құрылыс мерзімі мені және Елші ханымды таң қалдырды. Осыдан екі жыл бұрын біз Италиядағы Қазақстан павильонына тәнті болғанбыз. Ханзадамыз Қазақстанның дәстүрлі және инновацилық заттарды, яғни құндылықтарды біріктіре алатын мемлекет екенін атап өткен болатын», - деді Лорен Солер.
Жалпы ауданы 835 шаршы метрді құрайтын Монако Павильонының тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақтың келбетін» көрсететін болады. Адам мен табиғат қажеттіліктерінің өзара байланысы және осы екеуінің арасында тепе-теңдікті орнату арқылы тұрақты энергияның жаңа моделін құру мүмкіндігін қарастыру павильонның негізгі тақырыбы болып табылады.