Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы брифинг өткізді

Бүгін Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеxанұлы "Ақтөбе Ақпарат" ақпараттық орталығында брифинг өткізді. Басқарма басшысы БАҚ өкілдеріне ағымдағы жылдың 5 айы ішінде атқарылған жұмыстар және ЭКСПО-2017 дайындық туралы мәлімдеді.
Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысының брифингке анықтамалық ақпараты
Басқарма туралы
«Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы» (әрі қарай - Басқарма) мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2015 жылдың 9 қарашасында №415 Қаулысымен құрылды.
Басқарманың басты міндеттері жақын және алыс шетелдермен аймақтың аймақаралық, интеграциялық өзара тиімді байланыстарын дамыту және нығайту, облыстың экспорттық-импорттық әлуетін дамуының мониторингі, шекаралық ынтымақтастықты жандандыру облыс басшылығының ресми қабылдауларын, шетел делегацияларымен кездесулерін ұйымдастыруға көмектесу, азаматтардың туристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету, туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау, саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ету, туристiк индустрияны және халықаралық туристiк байланыстарды дамыту.
Қысқаша 2016 жылда және 2017 жылдың 5 ай ішінде атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы.
Сыртқы байланыстардың дамуы
Өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру және нығайту
Халықаралық байланыстарды дамыту және аймақаралық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында өзара қарым қатынастар орнатылды:
Орынбор облысы, Ресей:
2016 жылғы 28 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаевпен және Орынбор облысының губернаторы Ю. Бергпен “AKTOBE-INVEST-2016” IV Халықаралық инвестициялық форумы шеңберінде 2017-2019 жылдарға арналған Ақтөбе және Орынбор облыстарының арасындағы келісімді жүзеге асыру бойынша біріккен шаралардың жаңартылған жоспарына қол қойылды.
Ульянов облысы, Ресей:
2015 жылғы 16 қыркүйекте Ресей Федерациясының Ульянов облысы үкіметі мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
2016 жылғы желтоқсанда Ақтөбе және Ульянов облыстары арасындағы келісімді жүзеге асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен шаралардың жоспарына қол қойылды.
Лодзь воеводы, Польша:
2016 жылғы 21-24 тамызда облыс әкімінің орынбасары М. Жұмағазиевтің жетекшілігімен Ақтөбе облысының делегациясы Польшаға іс-сапармен барды. Сапар барысында Лодзь воеводының басшылығымен, ауыл шаруашылығы саласындағы ірі кәсіпкерлерімен кездесулер өткізілді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша озық кәсіпорындарын аралады. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен болған қазақстандық-польшалық Іскерлік форумда Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімдігі және Польша Республикасының Лодзь воеводы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 2017 жылғы қыркүйекте Лодзь воеводының делегациясы аймақпен танысу мақсатында Ақтөбе қаласына келуді жоспарлауда.
Өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру және нығайту мақсатында жоспарлануда:
Татарстан Республикасы, РФ:
2017 жылғы 31 қаңтар - 1 ақпанда ақтөбелік делегациясының Татарстан Республикасына сапары жасалды. Нәтижесінде, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндігі анықталды, сондай-ақ Татарстан Республикасымен келісім жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақтөбе облысы әкімдігі мен Татарстан Республикасының Үкіметі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қою жоспарлануда.
Қарақалпақстан Республикасы:
А.ж. екінші жартысында Өзбекстанның аймақтарымен іскерлік байланыстарды қалыптастыру және екі елдің арасындағы тауар айналымын жоғарылату мақсатында ақтөбелік делегациясының Қарақалпақстан Республикасына және Өзбекстан Республикасына сапары жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің елшіліктері арқылы ынтымақтастықты орнату және инвесторларды тарту
Шет мемлекеттермен ынтымақтастық орнату мақсатында 2016-2017 жылдары халықаралық ұйымдардың (ПРООН, ЮНИСЕФ, ОЭСР, ЕБРР, ВБ, АБР, ТИКА) өкілдерімен 7 кездесу, дипломатиялық миссия өкілдерімен (Чехия, Индонезия, Скандинавия елдері (Швеция, Норвегия, Финляндия), Германия, Ресей, Венгрия, Голландия, Түркия, Литва, Канада, Франция, Иран, Кувейт, Македония, Израиль, Армения) 18 кездесу өткізілді.
Өзге елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстандағы 45-тен аса дипломатиялық миссия өкілдерінің қатысуымен «Ақтөбе: инвестияциялар - даму» тақырыбында Дипломатиялық бизнес клуб отырысы, қазақстандық-голландиялық агро бизнес-форумы, қазақстандық-корейлік бизнес форум, қазақстандық-израильдік бизнес-форум өткізілді.
Нәтиженсінде, 2016 жылы Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласында Венгрия және Литва елдерінің Құрметті консулдықтарының ашылу салтанаты болды. Құрметті консулдықтың басты мақсаты – елдер арасында экономикалық, сауда, мәдени байланыстарды нығайту және дамыту.
Халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас орнату
Қазіргі таңда перспективалық жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан сыртқы қаржыландыруды тарту үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.
Атап айтқанда БҰҰДБ-мен «Озық жасыл технологияларды еңгізу арқылы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бірлескен жобасы еңгізілген. (Жобаның жалпы құны: 365,3 млн. тг. /$ 1,1 млн. АҚШ долл. (оның ішінде: БҰҰДБ-ның қаржыландыру көлемі – 116,2 млн. тг. / $ 350 мың АҚШ долл.; ҚР мемлекеттік бюджетінен – 249,1 млн. тг. / $ 750 мың АҚШ долл.). Аталған жоба органикалық өнімдерді өндіру бойынша модельді шаруашлықты құру арқылы Ақтөбе облысының аграрлық секторының бәсекеқабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру 2018 жылға жоспарланған.
ЮНИСЕФ ұйымымен Ақтөбе облысында балалар мен жастардың әл-ауқатын жақсартуға жәрдемдесу бойынша бірлескен жобаны іске асыру үшін байланысты грантты тарту. (Жобаның жалпы құны: 286 281,0 мың тг. /$ 900 мың АҚШ долл. (оның ішінде : ЮНИСЕФ-тің қаржыландыру көлемі – 85 884,3 мың тг. / $ 270 мың АҚШ долл.; ҚР мемлекеттік бюджетінен – 200 396,7 мың тг. / $ 630 мың АҚШ долл.). Жобаның мақсаты болып балалардың, жастардың және олардың отбасыларының арасындағы анағұрлым әлсіз және әлеуметтік шеттетілген топтарға ерекше көңіл бөле отырып, олардың өмірдің қиын жағдайларында олардың бәсекеқабілеттігін қалыптастыруда, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін тиімді жүзеге асыру үшін балалар мен жастардың әл-ауқатын жақсартуда аймақты қолдау табылады.
“Ынтымақтастық пен үйлестіру бойынша түрік агенттігімен (TIKA)” бірге, облыстық денсаулық сақтау саласынының қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерінің деңгейін жоғарылату мақсатында, 2017 жылғы шілдеде Түркияның жоғары білікті мамандарын тарта отырып, “Неанотология” тақырыбына семинар ұйымдастыру жоспарланған. TIKA білім, мәдениет, тарих, этнография, туризм, жастар, гендерлік мәселелер, дін, халық, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару тағы басқа салаларда жобалар мен жоспарларды әзірлеумен және жүзеге асырумен айналысады.
Инвестиция тарту
Инвестиция тарту бойынша тапсырмаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында 2017 жылға арналған Ақтөбе облысына инвестиция тарту жоспары әзірленді (облыс әкімінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №547 өкімімен бекітілді).
Аталған жоспар 4 негізгі бөлімнен тұрады: жүйелік шаралар, инвесторлармен ынтымақтастық, ақпараттық-имидждік жұмыс және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.
Бізбен жалпы сомасы 2 140,5 млн. АҚШ долларын құрайтын аймақ экономикасының басым салаларындағы 19 инвестициялық жоба анықталды (4 жоба тау-кен және өңдеуші салада, 2 жоба энергетика саласында, 5 жоба қызмет көрсету саласында және 8 жоба агроөнеркәсіптік кешен саласында).
Сонымен қатар, жарнамалық ақпараттық қызмет іске асырылуда, соның ішінде:
- ақпараттық-презентациялық материалдарды тарату (инвестордың ақпараттық кітапшасы, буклеттер, каталогтар, флешкалар және басқалары);
- әлеуетті инвесторларға investinaktobe.kz сайты қызмет етеді;
- Қазақстанның және шет мемлекеттердің елшіліктері, сауда-өнеркәсіптік палаталары, халықаралық институттары және қорлары арқылы жобаларды тарату;
- ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар бойынша Комитетінің және «KAZAKH INVEST» АҚ-ның халықаралық форумдарының (14 бизнес форум) жұмысына қатысудамыз.
Сонымен қатар, 2017 жылдың күзіне «AKTOBE INVEST-2017» V халықаралық инвестициялық форумын өткізу жоспарланған. Бұл маңызды шараны өткізудің мақсаты аймақ экономикасының басым салаларына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи өнеркәсіптік-өндірістік кешендерді құру болып табылады.
Туризмді дамыту
Өңірде туристік қызметтің негізгі ұсынушы 270 тен астам туристік компания саналады, олардың ішінде 121 жол сервисі объектілері, 90 қонақ үй, 9 демалыс базасы, лицензиялық негізде қызмет ететін 47 компания, «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резервуаты, жергілікті мағынадағы 3 заказник «Эбита», «Орқаш» және «Көкжиде-Құмжарған» кіреді.
Өңірде туризмнің дамуы 2016-2020 аумақты дамыту Бағдарламасы, Қазақстан Республикасының туризмді 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдама, Ақтөбе облысының туризмін дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы, Бизнес жол картасы 2020 шеңберінде жүзеге асырылады.
Көрсеткіштер
2016 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарының (қонақ үйлер, хостелдер) саны 86 бірлік құрады (2015 жылы 70 бірлік, +22,9 %), оның ішінде 1789 номер саналады (2015 жылы 1578 номер, +13,4).
Қызмет көрсетілген келушілер саны 84,7 мың адам құрады (2015 жылы 83,6 мың адам, +1,4 %), онын ішінде резиденттер 74,4 мың адам (2015 жылы - 74,1 мың адам, +0,3 %), резидет еместер 10,3 мың адам (2015 жылы - 9,4 мың адам, +9,7 %).Олармен 1,55 млрд. теңгеге қызмет көрсетілді (2015 жылы 1,45 млрд. теңге, +7,2 %).
Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша орналастыру орындарының (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс базалары, кемпингтер) саны 90 бірлік құрады (2016 жылы 1 тоқсан - 70 бірлік, +28,5 %), оның ішінде 1 812 номер саналады (2016 жылы 1 тоқсан – 1 597 номер, +13,5 %)7
Қызмет көрсетілген келушілер саны 19 мың адам құрады (2016 жылы 1 тоқсан - 16,8 мың адам, +13 %), онын ішінде резиденттер 17 мың адам (2016 жылы 1 тоқсан - 14,8 мың адам, +15 %), резидет еместер 2 мың адам (2016 жылы 1 тоқсан - 2 мың адам, -1,6 %). Орналастыру орындарымен 376 153,3 мың теңгеге қызмет көрсетілді.
* Ақтөбе облысының статистика департаментінің деректері бойынша
Туризмді дамыту бағдарламасы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы №479 қаулысымен Ақтөбе облысында туризмді 2016-2020 жылдарға дамыту бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаны орындау мақсатында Қазақстандық Туристік Ассоциациясының сарапшылары шақырылып, облыстың барлық аудандарына шығу ұйыдастырылды және қорытындыс бойынша туризмді дамыту бойынша нақты жоспарлар мен міндеттер анықталды.
Бағдарлама 3 сатыдан кезеңнен тұрады:
1 кезең (2016–2017 жылдар) – негізгі инфраструктуралық жобаларды анықтау және жүзеге асыру, өңір туризмінің брендингін және маркетингтік жүйесін анықтау және жүзеге асыру.
2 кезең (2018–2019 жылдар) – ірі туристік жобалардың құрылысы, туризм инфраструктурасын дамытуды жалғастыру, туризмнің өңірлік брендін насихаттау және жарнамалау.
3 кезең (2020 жылдар) – дамытудың соңғы кезеңі.
Бағдарламада келесідей шаралардың өткізілуі қарастырылған, туристік нысандардың қол жетімділігі және инфрақұрылымды дамыту, туристік объектілер құрылысы және қайта жөндеу, кадрлар дайындау, ақпараттық қамтамасыздандыру және облыстың туристік брендін жүргізу.
Туристік объектілердің қолжетімділігін көтеру және туризм инфраструктурасын дамыту
Қазіргі таңда келесі объектілер бойынша ЖСҚ дайындауға конкурстар жарияланды: - «Қобда – РФ шекарсы (Соль-Илецк)» (334-375 км учаскесінде) «Қобыланды батыр» мемориалды комплексіне апаратын автокөлік жолдарын күрделі жөндеу; «Абат Байтақ» кешеніне апаратын ұзындығы 15 км автомобиль жолының ағымдағы құрылысы; Әлия ауылынан Бұлақ ауылына апаратын ұзындығы 25 км автомобиль жолының ағымдағы құрылысы; Исатай Таймановтың кесенесіне дейінгі ұзындығы 7 км автожолдың орташа жөндеу жұмысы.
Жиренқопа ауылында Қобыланды батыр мемориалды кешенін реконструкциялау (жобаның сомасы 44,7 млн. тенге), сондай-ақ Абат Байтақ кесенесі аумағы мен Бұлақ а/о Шырақшының үйін абаттандыру (жоба сомасы 41 млн. тенге).бойынша жұмыстар басталды. Аталған жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.
Балалар-жасөспірімдер туризмі
Ақтөбе және Қызылорда облыстарының арасындағы туризм саласындағы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде аймақтарға туристерді өзара жіберу жұмыстары жүргізілді, сондықтан 2016 жылы 44 бала көрші облыстың көрікті жерлерінде болып қайтты. Сонымен қатар ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында 100 - ге жуық баланың Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Орынбор облыстарының көрікті жерлеріне баруы жоспарлануда.
Кадр дайындау және квалификацияны көтеру жүйесі
Ішкі туризмді дамыту мәселелерінің бірі кадрлық қатмамасызтандыру болйып табылады.
Қонақ үй бизнесі қызметкерлері мен экскурсавод-гидтердің біліктілігін жоғарылыту мақстаында а. ж. 27-29 қыркүйегінде қонақ үй бизнесі қызметкерлері мен экскурсовод – гидтерге арналған семинар – тренинг өткізілді. Оқытуды теоритикалық және практикалық сабақтар арқылы Алматы қаласының еңбегі сіңген экскурсоводы Лютерович Л.Г. өткізді. Жалпы қатысушылар саны – 110 адам.
Маусым айына гид-экскурсавод теориялық және парктикалық курстарын өткізу жоспарланған. Курстың ұзақтығы 30 күнді құрайды. Курсы соңында қалауы бойынша қызмет көрсету келісіміне қол қойылады.
Оқиғалық туризм
Бағдарлама аясында оқиғалық туризмді дамыту қарастырылған, осыған орай Ақтөбе облысында келесі іс-шараларды өткізу жоспарланған.
А.ж. 15 тамызында Бадамша ауылында Ш.Қалдаяқовтың тұған күніне орай облыстық музыкалдық байқауды өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, а.ж. қыркүйек айында «Қобыланды» эпосы бойынша тарихи жайттарды театрландырып, атақты батырлар ұрпақтарының жыл сайынғы слетін өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, осы кезеңге жыл сайынғы халықаралық «Көкжар жәрмеңкесін» өткізу жоспарланған.
Ақпараттық-имидждік қамтамасыздандыру
1) Ақтөбе облысының туристік сайтын жасау
Туристерді тарту, облыстың туристік потенциалын алға жылжыту және насихаттау мақсатында туристік сайт жасау жұмыстарын бастау.
Сайттың құрылымына келесілер кіреді: туризм объктілерімен және көрікті жерлерімен интерактивті карта, туристер үшін жол сілтеме, виртуалды галерия, туристік маршруттар, турларды сату, қонақ үйлерді, т/ж және авиа билеттерін брондау.
2) Өңірдің брендын қалыптастыру.
Облыстың өңірлік брендын қалыптастыру жұмыстары басталды, облыс маслихатының секретарының өкілі С. Қалдығұлова сарапшылар кеңесін құрды, қалыптастыру 4 этаптан тұрады (тұжырымдама қалыптастыру және тұрғындармен сауалнама, брендты қалыптастыру, тұрғындардың бағасы, презентация нәтижесі). Брендинг халықаралық және аумақтық деңгейде аумақтың танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді;
Бренд әзірлеу 4 кезеңде жүзеге асырылады.
I кезең – әзірленген брендке концепция дайындау:
(ағымдағы жағдайдың анализі, қабылдаудың эмоциялық картасын дайындау, әр түрлі сала бойынша облыс тұрғандарынан жауап алу, құру және брендтің семантикасын базалық анықтау.
II кезең – логотип әзірлеу (10 нұсқадан кем емес) және ұран әзірлеу (10 нұсқадан кем емес.
III кезең – тұрғындардың бағасы:
- облыстың соңғы аидентикасын құрастыру – тұрғындарды бақылау бағалау сауалнамасы (келісілу) логотип және ұранды таңдауды онлайн және тікелей байланыс жолымен таңдау үшін.
IV кезең –нәтижелерді презентациялау:
- эксперттік кеңестің (облыс әкімдігі жанында) мақұлдауынан кейін, бекітілген брендті бұқаралық ақпарат өкілдеріне (БАҚ) пресс-конференция және инфографиялық ролик ұйымдастыру арқылы презентациялау.
- Бүгінгі күнге 1 және 2 әзірлену кезеңі облыстың логотип нұсқалары әзірленді.
3) Облыстың және қаланың туристік картасын қалыптастыру.
Туристік объектілерді ақпаратты насихаттау мақсатында облыстың және қаланың туристік картасын қалыптастыру, көрікті туристік объектілер, орналастыру орындары, қоғамдық тамақтану орындары және тағы басқа объектілердің графикалық координатымен келісе отырып, оған қоса облыстың туристік маршруттарын енгізу;
4) Ақтөбе облысының туризмі бойынша видеороликтер дайындау
Қазақстандық және шетелдік туристерді тарту мақсатында жалпы тұсаукесер филмы мен жарнамалық (имидждік) роликтер түсіру жоспарлануда. Видеороликтер бір тақырыпта және жалпы графикалық дизайн логотипте болады.
Әрбір видеоролик туризмнің түрлеріне бағытталады: экологиялық, этнографиялық, медициналық және басқа, соған қоса көрікті туристік объектілер, табиғат, тарих, ұлттық дәстүрлер мен қолөнерлер, мәдениет пен асхана, халық.
Жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін дамыту
2017 жылдың 1 мамырына Ақтөбе облысы бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарында (1894 шақырым) 121 жол бойындағы қызмет көрсету объектісі орналасқан, олардың 18 объектісі – ұлттық стандартқа сәйкес келеді, оның ішінде: «А» санатына 3 объект сәйкес келеді, «В» санатына 2 объект сәйкес келеді, «С» санатына 9 объект сәйкес келеді, «D» санатына 4 объект сәйкес келеді.
Облыс бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі өтеді. Дәліздің ұзындығы – 609 шақырым. ХТД бойында 45 жол бойындағы қызмет көрсету объектісі орналасқан.
2016 жылы жалпы сомасы 600 млн. тенге және 100 жуық жұмыс орын құрайтын 10 жол бойындағы қызмет көрсеті объектісі іске қосылды. 2017 жылы жалпы сомасы 1 750 млн. тенге және 216 жуық жұмыс орын құрайтын 17 жол бойындағы қызмет көрсету объектісі іске қосуға жоспарланған.
Жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту мақсатында Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес ҚазАвтоЖол бірігіп Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар жолдарының бойындағы сервистік объектілерді орналастыру картасы әзірленді, соның аясында жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін дамытудың басым бағыттары анықталды.
ЭКСПО-2017
Өңір тұрғындарын тасымалдауын ұйымдастыру
«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде жолаушылар легін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында Инвестициялар және даму министрлігімен және «Қазақстан Темір Жолы» АҚ бірігіп темір жол құрамдарын және әуекөлігінің өткізу сыймдылығын арттыру мәселелері пысықталды.
Солай, көрме өткізу кезінде жалпы орындар саны 1872 құрайтын қосымша пойыздарды іске қосу жоспарланған (258/257 Уральск-Астана, 95/96 Уральск-Астана (Тальго), 237/238 Мангышлак-Астана, 227/228 Маншылак-Астана (Тальго), 219/220 Атырау-Астана (Тальго)).
Сондай-ақ, әуекөліктін өткізу сыйымдылығын 3000 бірлікке көбейту жоспарланған.
Еріктілер қызметі
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-мен бекітілген жоспарына сәйкес көрме өткізу кезінде Ақтөбе облысы 100 еріктілермен қамтамасыз ету қажет.
Бүгінгі күнге көрмеге қатысу үшін 100 үздік ерікті дайындалып іріктелді.
Ақтөбе облысының еріктілерінің «ЭКСПО-2017» көрмесінің жұмысына қатысуы а.ж. шілде айының 3 және 31 күндері аралағында жоспарланған.
Ақтөбе облысының күндері
Ағымдағы жылдың 2017 жылдың 26-30 маусым (5 күн) аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің бекітілген кешенді бағдарламасына сәйкес Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтеді.
Облыстың мәдениет күндерінің ашылуы 26 маусым күні сағ.16.00 де Экспо аумағындағы амфитеатр сахнасында «Ақтөбе – құтты мекен» атты республика, жақын шет ел көлеміндегі өнер жұлдыздары мен облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен Гала-концерт өтеді.
Облыстың мәдениет күндерінің бағдарламасына сәйкес, Астана қаласы «Қазанат» ипподромының аумағында орналасатын этноауылда 27 маусым күні сағ.11.00-21.00 аралығында этноконцерт өтеді.
26 – 30 маусым аралығында «HasSanat» көркемсурет галереясында облыстық кітапхананың «Ақтөбе – тарих толқынында» кітап көрмесі өтеді.
27 маусым күні Қазақ Ұлттық музыка академиясының «Шабыт» залында камералық хордың концерті өтеді. Сонымен қатар, Астана қаласының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен келісе отыра, «Бәйтерек» монументі алаңында 28 маусым сағ.17.00 де қалалық мәдениет бөлімінің, сағ.19.00 де Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. 29 маусым сағ.19.00 де «Арай» саябағында этно-мәдени орталықтардың концерті ұйымдастырылады. 30 маусым 19.00 де қалалық әкімдігі ғимараты алаңында облыстың өнер ұжымдарының концертімен аяқталады.
Қолөнер шеберлерінің қатысуы
«ЭКСПО-2017» көрмесіне орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар аясында «Қазанат» қалалық ипподромының аумағындағы этноауыл жұмысына өңірлер шеберлерінің қатысу кестесі бойынша Ақтөбе облысының күндері 1-10 шілде аралығы болып белгіленді.
Шеберлер ауылының шығыс базарына қатысу үшін өңірдің 25 қолөнер шеберлерінің (киіз басу, тоқыма, кесте тігу, ағаш ұстасы, зергер, тері өңдеу шебері, керамика шебері, музыкалық аспап жасайтын шебер) тізімдері жасақталып, ұйымдастыру комитетімен келісілді. Қазіргі таңда қолөнер шеберлері бұйымдарын, туындыларын көп мөлшерде әзірлеуде.
Жалпы облыстың мәдениет күндеріне 500 қызметкерлер қатысады деп күтілуде, олардың орналасатын орындары дайын.
«Қазақстан» ұлттық павильонының «жасыл» экономика жобалары
«Жасыл» экономика жобаларымен «Қазақстан» ұлттық павильонын мағыналы және тематикалық толтырумен қамтамасыз ету мақсатында жасыл экономика саласында 6 жоба іріктелді, оның ішінде қалдықтарды басқару - 2 жоба, жел энергиясы бойынша - 2 жоба, а/ш бойынша – 1 жоба және технология бойынша -1 жоба:
1. Жылыжай кешені (жоба авторы- «Kimpersay Energy» ЖШС).
2. Пайдаланылған шиналарды қалпына келтіру және еден жабындарын өндіру (жоба авторы «Талан Технолоджи» ЖШС);
3. Қалдықтарды сұрыптау кешені (жоба авторы «Союз Гранд» ЖШС);
4. Жел энергиясы санаты бойынша - қуаттылығы 100 МВт «Kimpersay» жел электр станциясы. Инвестиция көлемі - 68 млрд теңге (жобаның бастамашысы - «Kimpersay Energy» ЖШС). Іске асыру мерзімі 2019 жыл;
6. Тұндырмай пайдаланатын өнеркәсіп өндірісінің технологиясы (жобаның бастамашысы - «АРБЗ ЖШС»).