«Туризм және болашақ энергиясы» Дүниежүзілік конференция

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында а.ж 26-27 маусымында Конгресс-орталықта Дүниежүзілік туристік ұйымымен (ЮНВТО) бірлесе ұйымдастырылатын және Халықаралық тұрақты туризм жылына орайласқан «Туризм және болашақ энергиясы» атты Дүниежүзілік конференциясы өтеді.
Конференцияға ҚР Премьер-министрі Б.Ә. Сағынтаевтың, 150-ден астамЮНВТО-ға мүше елдердің туризм министрлері мен өкілдері, туризм индустриясының көшбасшылары және жетекші туристік компаниялар мен қонақ үйлердің қатысуы жоспарланған.
Аталған іс-шара Қазақстанның оң имиджін нығайтуға септігін тигізіп,елдегі тұрақты туризмді дамытуға серпін беретіні сөзсіз.