23-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні

Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Кенжеханұлы Ермек Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күні қарсаңында, мемлекеттік қызметтің дамуына өз үлесін қосып, қызметтік міндеттерін адал, үлгілі әрі мінсіз орындаған үшін Басқарма қызметшілерін алғыс хаттармен марапаттады.