VI Халықаралық авторлық әндер фестивалі өткізіледі

21-23 шілде күндері «Болашақтың энегиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған «СТЕПНОЙ АККОРД» VI Халықаралық авторлық әндер фестивалін өткізеді.Авторлық әндердің халықаралық фестивалі авторлық әндер мен поэзия сүйер жұртшылықтың мейрамы. «СТЕПНОЙ АККОРД» - бұл Ақтөбенің ғана емес, Қазақстанның басқа да өңірлері, сонымен қатар, Ресей Федерациясының да авторлық әндерді сүйіп тыңдаушылар мен бард қозғалысын қолдаушыларды дәстүрлі түрде жинайтын қаланың мәдени өміріндегі маңызды оқиға. Фестиваль қатысушылары шығармашылық топтар мен авторлық әндер клубтары, жеке авторлар, орындаушылар және ақындар. Фестиваль 2017 жылғы 21-23 шілде күндері Саздысу қоймасының жасыл алаңында өтеді. Стадионнан фестиваль алаңына дейін жұма 21 шілде күні сағат 13.00, 15.00, 19.00, сенбі 22 шілде күні сағат 11.00, 13.00, 17.00, 19.00 және жексенбі 23 шілде күні сағат 11.00, 13.00, 15.00 – де автобус жүреді.
Барлық ақтөбеліктерді фестивальге қатысуға шақырамыз!