Ақтөбе облысының өңірлік брендтің әзірленуі аяқталды

2017 ж. 26 шілдесінде сағ. 11.00-де «Ақтөбе ақпарат» орталығында Ақтөбе облысының брендін таныстыру рәсімі өткізілді.
Ақтөбе облысының өңірлік брендін әзірлеу бойынша Сараптама кеңесінің мүшелері Қалдығұлова Сания Мұсақызы – Облыстық мәслихат хатшысы, Ермек Кенжеханұлы – Сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы, Егімбаев Болат Сәукенұлы – облыстың еңбегі сіңген архитекторы, Бүркіталин Асылжан Жаналыұлы – «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы және Омарбаев Ғасыржан Расулұлы – «APEX Consult» ЖШС әзірлеуші-компанияның арт-директоры Баспасөз конференциясының спикерлері ретінде сөз айтты.
Ақтөбе облысының брендін әзірлеу жұмысы 4 кезеңнен өтті: тұжырымдама құру, брендтің ең үздік нұсқаларын әзірлеу және таңдау (46 нұсқа), интернет-дауыс беру, Сараптама кеңесімен Ақтөбе облысының брендін анықтау.
Бренд өңірдің имидждік тартымдылығын, ішкі және халықаралық аренада танымалдылығын арттыру, ақтөбеліктердің патриоттық сезімін нығайту, өңірдің ақпараттық және туристік дамуын алға жылжыту және қосымша инвестициялар тарту мақсатында әзірленді.
Осындай ретте Ақтөбе облысының күнгей тұсын, жергілікті тұрғындардың жылы қонақжайлылығымен сүйіспеншілігін бейнелейтін өңірлік брендпен ұран анықталды.