«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедиция

2017 жылдың 10-11 тамыз күндері аралығында Ойыл ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» атты бағдарламасы аясында, сондай-ақ өңірде балалар туризмін дамыту мақсатында «Көкжар» жәрмеңкесінің 150 жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» Республикалық туристік экспедициясының облыстық кезеңі өткізіледі. Экспедиция аясында барлық қатысушылар сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Аталған экспедицияға жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 класс оқушылары қатыса алады. Қызығушылық танытқан жағдайда қосымша ақпаратты келесі байланыс телефондары арқылы білуіңізге болады: 56-46-90, 56-46-06. e-mail: aktobe_tourism@mail.ru.