Ақтөбе облысының оқушыларымен Қазақстанның киелі жерлеріне бару

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында, оның ішінде «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы аясында Ақтөбе облысының оқушылары Қазақстанның киелі нысандарымен танысу және зерттеу үшін Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстарына туристік экспедицияға жіберіледі.
«Қазақстанның киелі географиясы» жобасы аясында республика бойынша 100 тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі бекітілді. Осы тізімде жылжымайтын тарихи, археологиялық, архитектура және монументалды өнер ескерткіштері бар. Әрбір өңір мәдени-географиялық белдеуді құруға мүмкіндіктері бар киелі жерлерге бай.
Қатысушылар «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне, XI ғ. «Арыстан Баб» кесенесіне, «Қорқыт ата» кешеніне, Сауран қалашығына, X-XI ғ. «Айша Бибі» кесенесіне, X-XI ғ. «Бабаджа хатун» кесенесіне, XI ғ. «Карахан» кесенесіне, Тараз қалашығына, «Үнгіртас» сәулет ескерткішіне, Жаркент мешітіне және т.б. нысандарға баратын болады.
Әр облыс бойынша киелі жерлері бар туристік маршрут әзірленді.
Экспедиция қатысушылары орта білім беру мектептердің оқушылары, атап айтқанда әлеуметтік әлсіз топтарға жататын балалар.Экспедиция 20 бала, 2 жетекші тұлға және 1 медбикеден тұратын 3 топ құрайды.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары Ақтөбе облысының Киелі географиясының нысандарымен танысу үшін Ақтөбе облысының Қобда және Қарғалы аудандарына жіберілетін болады.
Мектеп оқушылары «Қобыланды батыр» мемориалдық кешеніне,«абт Байтақ» кешеніне, «Әлия» облыстық патриоттық тәрбиелеу орталығына және т.б. киелі нысандарға баратын болады.
Аталған Ақтөбе облысы аудандары бойынша туристік экспедицияларға 120 бала қатысады.
Жалпы алғанда «Қазақстанның киелі географиясы» жобасын іске асыру бойынша туристік экспедицияларға Ақтөбе облысынан 200 бала қатыстырылады.
Туристік топтарды жіберу:
Алматы облысы
Жөнеліп кету күні – 14.08.2017 ж. 21:29 с. (ж.у.), пойыз № 380 ТА «Ақтөбе-1 – Алма Ата-2», № 2 вагон.
Келу күні - 21.08.2017 ж. 15:20 с., пойыз № 033 ЦА «Алма Ата-1 – Ақтөбе-1», № 13 вагон.
Жамбыл облысы
Жөнеліп кету күні – 15.08.2017 ж. 22:35 с. (ж.у.), пойыз № 034 ТА «Ақтөбе-1 – Жамбыл», № 14 вагон.
Келу күні - 21.08.2017 ж. 09:40 с., пойыз № 023 ХА «Жамбыл – Ақтөбе-1», № 8 вагон.
Қызылорда-Оңтүстік-Қазақстан облысы
Жөнеліп кету күні – 22.08.2017 ж. 22:35 с. (ж.у.), пойыз № 034 ТА «Ақтөбе-1 – Түркістан», № 14 вагон.
Келу күні - 27.08.2017 ж. 09:40 с. (ж.у.), пойыз № 023 ХА «Тюратам – Ақтөбе-1».
Ұйымдастырушылар: «Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы».
Толық ақпарат келесі байланыс телефондар арқылы алуға болады:
8 /7132/ 56-46-90, 8 777 158-08-80 – туризм бөлімі.