2017 жылы 16-17 қыркүйекте мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласына ресми сапармен барды.

2017 жылы 16-17 қыркүйекте мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласына ресми сапармен барды. Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиеевпен өткен кездесу барысында екі елдің арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланып, түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар стратегиялық маңызы бар құжаттарға қол қойылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысына көршілес Қарақалпақстанмен іскерлік қарым-қатынастарды қалыптастыру және дамыту мақсатында Қарақалпақстан Республикасының Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы әкімдігінің арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған сапар барысында Өзбекстан-Қазақстан бизнес форумы өткізіліп, «Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа сатысы» атты өнеркәсіптік көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге фармацевтика, авиация, құрылыс, машина жасау және ақпараттық технология салаларындағы 50-ден аса қазақстандық компанияларының экспортқа бағдарланған тауарлары ұсынылды. Көрмеге Ақтөбе облысынан Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты (АЗНО) мен Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (АРБЗ) қатысты.